«Таланттар әлемінде» топжарғандар

«Таланттар әлемінде» топжарғандар Жаңалықтар

Жастар мәдениет үйінде облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Логос» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай «Таланттар әлемінің» қорытынды кеші өтті. Екі кезеңнен тұратын байқауға тек  мықтылар ғана іріктелініп алынды.

%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80-%d3%99%d0%bb%d0%b5%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d1%82%d0%be%d0%bf%d0%b6%d0%b0%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80

Биыл екінші мәрте өткізіліп отырған фестиваль төрт аталым бойынша өтіп, барлығы 20 қатысушы өзара бақ сынасты. Атырауға белгілі өнер иелері – хореография өнерінің доценті, ұстаз Талғат Ғазизұлы, танымал асаба Нұртілек Шайхиев, облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының дикторы Әли Бексейітовтер қатысушылардың өнерін әділ бағалауға тырысты.

Байқауға қатысушылар ән, би, көркемсөз, арнайы фортепиано, битбокс жанрлары бойынша сынға түсті. Байқау басталған бойда «Логос Атыраудың» инстаграмдағы парақшасында арнайы «көрермен көзайымы» номинациясы бойынша жарыс өткізілді. Соңында ең көп дауыс жинаған Есет Сатқынов пен Айдана Табылдиева «Көрермен көзайымы» аталымына ие болды. Ал, сайысқа қатысушылардың барлығына «Таланттар әлемі» фестиваліне қатысқандығы жөнінде сертификат табысталды. Ән номинациясы бойынша Ержан Мырзахметов топ жарса, Әнуар Қалиев (домбыра), Әсем Төлегенова (көркемсөз), Нұрбек Үмбетов (би) І орынға ие болды. Ал, байқаудың бас жүлдесіне, екі бірдей өнерпаз – Хайдар Қуанғалиев және Абзал Рамазанов ие болып,  әрқайсысы жүз  мың  теңгемен  марапатталды.

– Қуанышымда шек жоқ. Бұл байқауда Қалқаман Сариннің «Түнгі сағыныш» өлеңін оқыдым. Алдағы уақытта да мұндай байқауларды жібермей, қатысатын боламын. Ұйымдастырушыларға, әділқазы мүшелеріне үлкен алғысымды білдіремін. Атыраудың таланттарын анықтайтын «Таланттар әлемі» сияқты байқаулар жиі болып тұрса екен деген тілек білдіремін, – деді жеңімпаз Хайдар Қуанғалиев.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз