Елімізде Құрбан Айттың бірінші күнінде 40 156 отбасыға ет таратылды

2b5ac21b8e9e6c0f2a181e06092f2727 l Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.

ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында биыл тағы да қашықтан құрбан шалуды қолға алып, WWW.QURBAN2021.KZ сайтын іске қосқан болатын.

Жоба мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну, т.б.

Құрбан айттың алғашқы күніндегі, яғни, 20 шілдедегі мәлімет бойынша республика деңгейінде qurban2021.kz сайты арқылы 2 132 адам құрбандық шалуға тапсырыс берсе, еліміз бойынша жалпы саны 7 670 мал шалынды. Оның ішінде қой – 6740, ірі қара – 603, ешкі – 318, түйе – 9. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 40 156 отбасыға құрбандық еті таратылды. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз