
ШҰҒЫЛ! Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 551 адамға жетті, 5 адам көз жұмды
Atr.kz/5 сәуір, 2020 жыл. Бүгін түнде Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi.
Оның ішінде, Жамбыл облысында — 17 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 1 адам, Түркістан облысында — 2 адамда індет расталды.
Өкінішке орай, жұқпалы індеттен 5 адам көз жұмды.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам,
Алматы қаласында – 110 адам,
Қарағанды облысында — 27 адам,
Ақмола облысында — 20 адам,
Атырау облысында — 22 адам,

Жамбыл облысында — 28 адам,
Шымкент қаласында — 13 адам,
Шығыс Қазақстан облысында — 5 адам,
Алматы облысында — 10 адам,
Ақтөбе облысында — 10 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам,
Павлодар облысында — 1 адам,
Маңғыстау облысында — 3 адам,
Қызылорда облысында — 30 адам,
Батыс Қазақстан облысында — 2 адам,
Түркістан облысында — 25 адам,
Қостанай облысында — 1 адам, жалпы 551 науқас тіркелді.
