Баянауыл ұлттық паркіндегі өрт жағдайы Үкіметке баяндалды

Жаңалықтар

Atr.kz/23 қыркүйек, 2019 жыл. Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында тұтанған өртті сөндіруге 90-ға жуық адам мен тікұшақтар жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 қыркүйек күні кешке Өскеменнен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мекемесінен МИ-8 тікұшағы жетті. Ол өз жұмысына таңертеңгі жетіде кіріседі. Сондай-ақ ертең таңертең ауданға МИ-26 тікұшағы келетіні күтіледі», – деп мәлім етті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен. Ведомство Баянауыл ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп хабарлауынша, ұлттық парк аумағына мамандандырылған 11 көлік: алты өрт сөндіру техникасы, үш ассенизатор көлік және үш МТЗ тракторы тартылған. Жалынмен күресті 90-ға жуық адам жүргізуде. Күндіз Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов тілсіз жауды ауыздықтау бойынша штаб құрды. Жағдай жөнінде вице-премьер Роман Склярға баяндалды. «Сағат 23.00-дегі ахуал бойынша, өңір басшысы оқиға орнына аттанды. Павлодардан қосымша 4 техника жіберілгені мәлім етілді», – делінген облыс әкімдігінен жеткен хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз