Елімізде ең көп таралған фамилиялар қандай

c8e1d7bcd384af90d02c0b33f04fed27 1 Жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов(а). Оны 66 091 адам алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең танымалдар рейтингінің екінші қатарында Серік тегі – 45 193. Үшінші орында Омаров(а) тегі. Қазақстанда бұл фамилиямен 40 322 адам тұрады.

Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142.

Ең көп таралған 5 фамилияны Әлиев(а) жабады. Қазақстанда мұндай фамилиясы бар 35 387 адам өмір сүреді.

Таралуы бойынша:

-Ким – 34 811,

-Сүлейменов(а) – 29 988,

-Марат – 28 008,

-Амангелді – 27 297,

-Болат – 24 542 және тағы басқалары бар.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 715 782 адам болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз