Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» марафоны өтуде

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ауылдардың жетістіктерін көрсету жөніндегі «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафонының тұжырымдамасы жарияланды.

ІС-ШАРАНЫҢ АТАУЫ: ауылдардың жетістіктерін көрсету жөніндегі «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны

ӨТЕТІН ОРНЫ: облыстардың және аудандардың орталықтары, ауылдық округтер

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ: 2021 жылғы қазанның соңына дейін

ІС-ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ:

— Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін көрсету;

— ауылдардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы табыстары мен жетістіктерін көрсету;

— азаматтардың Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан жеке үлесін көрсету;

— ауылдың өзіндік өмір салтын сақтау;

— ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды орнықты дамыту;

— ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

— халық қолөнері элементтерін көрсету.

ҚАТЫСУШЫЛАР ҚҰРАМЫ:

— облыстар мен аудандардың әкімдіктері;

— ауыл тұрғындары;

— ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер;

— аграрлық ғылымның өкілдері.

Марафон аясында ұсынылған іс-шаралар:

1. Отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесін ұйымдастыру;

2. Әкімдіктер ғимараттарының жанында, интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы ауылдардың (аудандардың) жетістіктері туралы «Бұрын болды – қазір өзгерді» фотогалереясын ұйымдастыру;

3. Әкімдік ғимараттары жанында, интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдардың (аудандардың) дамуына ерекше үлес қосқан еңбеккерлердің, еңбек ерлерінің жетістіктері туралы фотогалерея ұйымдастыру;

4. Ауыл еңбеккерлерінің, еңбек ерлерінің, ғалымдардың, ауыл (аудан) әкімдерінің қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылындағы ауылдың (ауданның) өмірі туралы деректі фильмдер шығару, мақалалар жариялау;

5. Облыстың, ауданның, ауылдардың жетістіктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда мақалалар жариялау;

6. Облыстардың, аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауылдардың білім беру ұйымдарында ауылдардың еңбек ерлерінің қатысуымен аудандардың, ауылдардың жетістіктері, оның ішінде ауыл шаруашылығы жетістіктері туралы ашық сабақтар өткізу.

Осы іс-шаралардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы тиіс.

Күтілетін нәтижелер:

— Тәуелсіздіктің 30 жылындағы Қазақстан Республикасының отандық ауыл шаруашылығының жетістіктерін таныстыру;

— ауылдардың (аудандардың) Қазақстан Тәуелсіздігі жылдарындағы табыстары мен жетістіктерін таныстыру;

— ауыл шаруашылығы тауарларын/қызметтерін ішкі және сыртқы нарықтарда жылжыту;

— қоғамның, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және агробизнес өкілдерінің хабардарлығын арттыру;

— ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және АӨК-нің басқа қатысушыларының имиджін жақсарту;

— халықты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру;

— қазақстандық мемлекеттілікті сақтау және нығайту, Қазақстан азаматтарының патриоттық сезімін нығайту.

Ескерту: аймақтардағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, іс-шаралар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, оффлайн режимінде немесе интернет-ресурстарда онлайн режимінде өткізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button