Жарнама
Жаңалықтар

Елдің азаматы ​

Наурыз айының осы бір шуақты күнінде елімізде саяси науқан өтті. Бұл сайлау Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын өрістетеді, халықтың ауқатты, алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды деген сенімдемін.

​Өзім іні ретінде қадірлейтін сыйлас адамдар көп. Солардың бірі – Атыраудың азаматы Әділ Жұбанов. Ол – үлкен әулеттің өкілі. Тәрбиелі ұстаздың перзенті. Қарапайым отбасында дүниеге келіп, еңбекпен ер жеткен тұлға. Әділ білімді, білікті, кісілігі зор, ел, қоғамалдындағы жауапкершілікті сезіне білетін азамат. Оның үгіт-насихат кезеңінде қасында сапарласболдым. Жылыой, Қызылқоға аудандарында өткенкездесулерінде халық жылы қарсы алды. 

Әділдің Атырау жұртына жасаған қамқорлығы, өзінің ауылына, жетім мен жесірді қолдағанқайырымды істері, жас студенттердің жылдық оқу ақыларын төлеп бергені халықтың жадында. ​Соныменқатар, құрылысшы ретінде істеп жатқан жобалары меніерекше қуантады. Ол әдебиет пен өнерді жақсытүсініп, әңгімелескенде зерделі пайымдай біледі. Бүгін,міне, Әділ Жұбановтай қайраткер азамат депутат болып сайланып, маңдайы жарқырап оза шапқан екен. 

Мен оның алдағы қолға алған барлық бастамаларына тілекшімін. Парламент төрінен орыналған өзге де азаматтар бірін-бірі толықтырып, елгеадал, жұртқа шынайы пайдасын тигізеді деп тілеймін.

Илья ЖАҚАНОВ

композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның Еңбек Ері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button