«Елбасының Үндеуін қимастықпен қабылдадым» дейді атыраулық Талжібек Қажығалиқызы
Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысының тұрғыны Талжібек Қажығалиқызы Тұңғыш Президенттің Үндеуін тыңдаған кезде қандай сезімде болғанын айтты.
«Елбасының Үндеуін қарапайым азамат ретінде қабылдау оңай болған жоқ. Телеарнадан мәлімдеме жасалып жатқан кезде қатты есеңгіреп қалдым. Жолдасымнан да, ұлымнан да қимастық сезім байқалып тұрды.
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде тарихта қалған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа азамат ретінде алғысым шексіз. Себебі, Елбасы қазақ мемлекетін қалыптастыру жолында өлшеусіз еңбек сіңірді. Еліміздің тыныштығын сақтау, халқымыздың бірлігін нығайту жолында Елбасы еңбек сіңіре береді деп сенемін. Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи еңбегі қашанда зор бағалана бермек» деді ерекше балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер Талжібек Қажығалиқызы Atr.kz-ге берген сұхбатында.