Көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

WhatsApp Image 2018 06 13 at 15.39.19 Жаңалықтар

Владимирский көшесіндегі көлік қозғалысына 20 қыркүйекке дейін шектеу қойылады. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

WhatsApp-Image-2018-06-13-at-15.39.19

Владимирский көшесінің автокөлік жолына жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 30 тамыздан бастап 7 қыркүйекке дейінгі мерзімде Гумаров көшесінен бұрынғы жұқпалы аурулар ауруханасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады. Сонымен қатар, 7-20 қыркүйек аралығында облыстық перзентханадан бастап Сәтпаев көшесіне дейінгі көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Сол себепті, көлік қозғалысы Құрманғазы көшесі арқылы ұйымдастырылатын болады (№4 және №10 қоғамдық көліктері).

Жол көлігі қауіпсіздігі жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз