9da455a0a8bf64e8283300b8d9b639fb

Елбасы бастамаларын шегіне дейін жеткізуіміз қажет

Жаңалықтар

Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. «Елбасының ел үшін қабылдаған тағы бір маңызды шешімі тарих қойнауына сапар шекті. Ұдайы ұйымшылдыққа шақырып, бірлікке бастап жүретін Ұлт Көшбасшысына деген халық жүрегіне Тәуелсіздік жылдары ішінде қимас сезім мен кіршіксіз көңіл ұялады» дейді  ардагер ұстаз Алпамыс Хасанұлы.

«Расымен де, отыз жыл бойы табан аудармастан Қазақ елін Мәңгілік елге айналдырамын деген мақсатпен таң атырып, кеш батырған Нұрсұлтан Әбішұлы көрегенділігімен ел сеніміне ие болды. Мемлекетіміздің әр азаматы сапалы білім алып, саналы еңбек етсін деген мақсат-міндетінен бір сәт те таймады. Сонысымен ел сенімін ақтап, оны жас ұрпаққа сақтады.

Бүгінде еткен еңбек еленіп, жасалған жұмыс жемісін беріп жатыр. Алдағы уақытта да ол ел экономикасының нығаюына, қоғамымыздың қарыштап дамуына үлкен үлесін қоса бермек.

alpamys
Алпамыс Хасанұлы

Отбасымыздың барлық мүшелері еріксіз көз жасына ерік беріп, барға қанағат қылдық. Әр қазақстандық, соның ішінде жас буын өкілдері Тұңғыш Президентіміздің бұл шешімін құрметтеп, келешекке кемел жоспар құруға кірісіп кетуі керек деп ойлаймын. Сынаптай сырғыған уақытта керуен көші алға жылжып жүре береді. Елбасы салған сара да дара жолды бүгінгі ұрпақ жалғамаса, кім жалғайды?

Ендеше, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарынан табылуымыз үшін Елбасы бастамаларын шегіне дейін жеткізуіміз қажет» деп түйіндеді Atr.kz-ге сұхбатын ардагер ұстаз Алпамыс Хасанұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған