Атыраулық спортшылар Қазақстан кубогынан 6 медальмен оралды

img 20210603 wa0042 Жаңалықтар


Атыраулық жасөспірімдер жекпе-жектен олжалы оралды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
.

Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірімдер арасындағы жекпе-жектен өткен Қазақстан кубогынан атыраулық команда 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен оралды.

      Атап айтсақ, 38 келі салмақта Дамир Алхам, 43 келіде Досымжан Мереке I орын, 35 келіде Нұрбек Жакен II орын, 27 келі салмақ дәрежесі бойынша Әділбек Сарыбай, 43 келіде Абдуррахман Жағыпар, 27 келіде Мақсат Бақтияр III орындарға ие болды.

Аға жаттықтырушы Абай Батырғалиев жетекшілік еткен атыраулық команда 6-14 жас аралығындағы 750-ге жуық спортшы қатысқан додада жеңіске жетіп отыр.


Жеңімпаз атанған спортшылар Әлем кубогі мен Азия кубогі үшін өтетін жарыстарға жолдама алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз