Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

«Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» басталды!

Еліміздегі «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын жалғастыруда. Баса айтарымыз, аталған акция аздаған уақыттың ішінде біреудің мұң-мұқтажына немкетті қарай алмайтын үлкен жүректі азаматтардың басын біріктіріп үлгерді.

Біраз қазақстандық үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында қор көрсеткен қыруар көмекке – азық-түлікке өздерінің ақ алғысы мен ризашылықтарын білдірді. Осының өзінен мұқтаж жандар «Көп түкірсе, көл» деген даналықтың айқын көрінісін көріп, халықтың асқан бауырмалдығы мен жанашырлығына бөленді.

Кешегі 1 шілдеден бастап еліміздің барлық аймағында «Халық» қайырымдылық қорының Қамқоршылар кеңесінің шешімімен кезекті «Ел тірегі — ЕЛБАСЫ» акциясы басталды. Осынау қолдау-көмек 20 000 отбасына көрсетіледі. Ол жалпы сомасы 500 млн. теңгені құрайтын азық-түлік, соның ішінде әр отбасына 50 кг-нан азық-түлік жиынтығы, яғни күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шәй, кәмпит. Қор мұндай азық-түлік себеттерін бұрын көмек көрсеткен отбасыларына – қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалары бар отбасыларына таратуды жоспарлап отыр.

– «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясына біздің отандастарымыз үлкен үн қатты. Көп жұмыс жасалды. Біздің бірлескен күш-жігерімізбен біз он мыңдаған отбасына қажетті азық-түлік көмегін көрсете алдық. Бұл біздің мүмкіндіктеріміздің шегі емес екенін білеміз. «Халық» қорының қайырымдылық акциясы 2021 жыл бойы бірнеше рет өткізіледі. Біз еліміздің барлық мүдделі азаматтары мен кәсіпкерлеріне үндеу тастаймыз – ынтымақтастықта болыңыз, шет қалмаңыз, бізге қосылыңыз – «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын қолдайық. Біз бірге болсақ, қайырымды істер ауқымын арттыра аламыз! — деді «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Динара Құлыбаева.

Көңілге қуаныш ұялататыны сол, қор бастамасын еліміздің еріктілері қолдап әкетті. Олар мүмкіндігінше азық-түлік себеттерін алушыларды қамтамасыз ететін болады.

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button