Ынтымақтастықтың жеті қадамы

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдау, өңіраралық ынтымақтастықты орнату, жергілікті қамтуды дамыту және ел экономикасын әртараптандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов бастаған сол өңірдің бір топ кәсіпкерлері іссапармен Атырауға келді.

Қарағандылық бизнес өкілдері алдымен «Атырау мұнай және газ – 2016» Солтүстік-Каспий аймақтық көрмесін аралады. Әрі қарай олар «Жігермұнайсервис» ЖШС, «Атыраумұнаймаш» ЖШС, «Мәтен Петролеум» БК, «Ембімұнайгаз» АҚ және «NCOC.NV» компаниясында болып, кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Келесі күні облыстық әкімдікте кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға Атырау облысынан – 37, Қарағанды облысынан 21 кәсіпорын өкілі қатысты.

Мәжілісті ашқан аймақ басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев: «Ел экономикасының локомотиві атанған Атырау жері – шикізатқа бай, өндірісі өркендеген өлке. Еліміздегі мұнайдың 37 пайызы біздің өңірде өндірілуде. Облыстың жер қойнауында мұнай мен газдан бөлек, гипс, әк тасы, құрылыс құмы, калий тұзы, кірпіш өнеркәсібі үшін саз, тағы басқа пайдалы қазбалар бар. Мақсатымыз – шикізатқа тәуелділіктен арылып, өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамыту», – деп өңірдегі кәсіпорындардың қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

 Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз