Жарнама
Жаңалықтар

ЕЛ ЭКСПОРТЫНА ТИІМДІ ШАРА

 

Қазіргі таңда аталған қауымдастықтың үш мыңнан аса мүшесі бар, жүзге жуық кәсіпорын жұмыс атқарады. Бұған дейін әлемдік нарықта метал бағасы түсуінен тау-кен өнеркәсібі зардап шеккенмен, ендігі жерде экспорттық өнімдерді шығаруда белгілі бір артықшылықтарға қол жеткізу мүмкіндігі бар. «Ұзақ мерзімді жоспарда бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға әсер етеді» деген пікірін білдірген Т.Мұқанов «Бiз шығаратын металдардың бағасы жаһандық дағдарысқа байланысты айтарлықтай түсiп кеттi. Осыдан бiраз жыл бұрын Павлодарда электролиз зауытын іске қосқан болатынбыз. Онда шығатын алюминий бағасы былтыр 2012 жылға қарағанда 20 пайызға төмендеп, қазiр 1670 долларды құрап отыр. «Арселор Миттал Темiртау» қазiргi уақытта қиын жағдайда тұр. Бұл-қара металдар өнеркәсiбiнде прокат шығаратын жалғыз кәсiпорын. Оның өндіретін металдары 2013 жылы 2012 жылға қарағанда екі есе арзандап кеттi. Себебi, қазiргi уақытта олардың шығарып жатқан өнiмдерi экспортталмай жатыр. Бұл нарық бағасына байланысты болып отыр», — деп түсiндiрді. 

Әрине, өнім құнына әсер ететін факторлардың барын жоққа шығаруға болмайды. Соның бірі,  еліміз су жолынан алыс орналасқандықтан, тау-кен өнімін темір жолмен тасу үшін айтарлықтай шығындануға тура келеді. Сонымен қатар, брифингте алдағы уақытта баға саясатының өзгеруіне байланысты жобалардың да қайта қаралатыны белгілі болды. 

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай журналистердің сұрағына байланысты кәсіпорындағы күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі – еңбек қауіпсіздігі екенін жеткізді. Соңғы айлардың ішінде ғана өндірісте төрт адам шығыны болып, оның себебін арнайы комиссия тексеруде екен. Сондықтан, өндіріс қауіпсіздігін жақсарту мақсатында қаражат бөлу көзделіп отыр.

Қ.ОРАЗ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button