1,1 миллион қазақстандықтың несиесі кешірілді

2019 06 19 20161118213401 Жаңалықтар

Atr.kz/12 тамыз, 2019 жыл. ҚР Ұлттық банкінде ҚР Президентінің «Қазақстан азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту туралы» Жарлығының қалай жүзеге асып жатқаны айтылды.

 «Президент Жарлығын орындау аясында ҚР Ұлттық банкі «Мемлекеттік несие бюросы», «Проблемалық несиелер бюросы», екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржыландыру орталықтарымен біріге отырып, 2019 жылдың 1 маусымындағы кепілсіз несиелердің өсімақысы мен айыппұлдарын кешірді. Ұлттық банктің 2019 жылғы 2 шілдедегі №116 қаулысымен белгіленген тетіктердің көмегімен банктер мен шағын қаржыландыру орталықтары 30 шілдеге дейін 1 193 091 азаматтың 33,6 млрд теңге көлеміндегі айыппұлдары мен төленбеген несиелерінің өсімақысын кешірді», – деп хабарлады Ұлттық банк.

Бұл процестер ең алдымен банктер мен шағын қаржыландыру ұйымдарының қаржысының есебінен жасалды. 2019 жылдың 20 тамызына дейін «Проблемалық несиелер» қоры екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы орталықтарына қарызды өтеу сомасының 30%-ын өтейді. «Әлеуметтік қолдау бір мәрте жасалып отыр. Болашақта кепілсіз несиелерді оңды-солды таратуға қатысты ҚР Президенті Ұлттық банкке қаржылық ұйымдардың жауапкершілігін қатайту, күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын азаматтарға несиеге тыйым салу бойынша жұмысын реттеу тапсырылды», – деді Ұлттық банк өкілі.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз