Жарнама
Жаңалықтар

Ел экономикасының қозғаушы күші

Атырау өңірі қуатты өнеркәсіптік әлеуетінің, диверсификация деңгейінің жоғарылығы және инвестициялық белсенділігінің арқасында экономикалық тұрғыдан тұрақты өсімге ие болуда.

Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары еліміз шетелдік инвестицияларды экономиканың түрлі секторларына тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқанын, бұл бағытқа ұдайы назар аударылып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысының осы сөзінің дәлелі ретінде, ресми сапар аясында өткен кезекті Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 15 млрд АҚШ долларына бағаланған 70-тен астам коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлары мен реформаларын жүзеге асыру аясында тек өткен жылдың өзінде Атырау облысына 4,7 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылып, бұл жалпыұлттық көрсеткіштің 11,2%-ын құрады.

Дегенмен, алдыңғы жылмен салыстырғанда мұнай-газ жобаларының аяқталуына байланысты біршама төмендеу үрдісі байқалды.

Ал биылғы жылдың алғашқы алты айында Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымы 175,6 млн АҚШ доллары деңгейінде тұрақтап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға артты. Оның ішінде экспорт көлемі – 48,2 млн, ал импорт – 127,4 млн АҚШ долларына жетіп, екеуі де айтарлықтай өскен.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button