ЖаңалықтарҚоғам
ЭКСПО-2017 аумағында төтенше оқиға орын алды
Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аумағында С1 мен С2 павильондары арасындағы декоративті көпір құлады. Оқиға сағат 13.30 шамасында орын алған.
Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қоғаммен байланыс департаменті хабарлайды.
«Құрылым ешқандай функционалдық қызмет атқармайды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жанындағы павильондарға да зиян келтірілмеген. Нысанның мердігері BI Group компаниясы құрылымды қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқаратын болады», — деген хабарламада.
Нұрбейбіт Нұғыманов
ATPress.kz сайтынан