Жарнама
Мәдениет

Екі жұлдызда ерекше жандар жарқырады

Атырау қаласында «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының қатысушылары арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылып, ерекше жандар сахнада өздерінің өнерлерін паш етті.

Жобаның қатысушысы Ләззат Сейілханова Қарабалина Жайнардың сөзіне жазылған «Екі жұлдыз» әнін орындап, кеш шымылдығын ашты.

6eeaab52 3372 47ff a01c 13f5367dbbf4

Шара барысында 14 жұп Тоқтар Серіков, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Кеңес Дүйсекеев, Әсет Бейсеуов сынды композиторлардың жүректен шыққан әндерін орындап, сахнада нағыз мерекелік атмосфера орнады. Көрермендер ерекше ықыласпен қарсы алып, қосылып ән салып, қатысушыларға қолдау көрсетті.

Байқау барысында «Тәттім-ау», «Қоштасудың қиын-ай», «Арыс жағасында», «Ғашықтар жыры», «Сырласу вальсі» және басқа да халыққа кең тараған әндер орындалды.

-Бұл кеш – ерекше жандардың өнері мен талантына берілген құрметтің көрінісі. Біздің мақсат – олардың өнерін көрсету, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету,- дейді «Тең қоғам» жобасының үйлестірушісі Гүлзира Даниярбековна.

Шара соңында барлық қатысушылар номинациялармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, қазылар алқасына алғыс хаттар табысталды.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button