ТҮРКСОЙ: 2023 – Темірбек Жүргенов жылы

ertdvbn Мәдениет

ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАДА ТҮРКСОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА «ТҮРКСОЙ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА 30 ЖЫЛ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП-ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ.

Іс-шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының директоры Алмагүл Исина, профессор, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы, басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Бүгінде қанатын кеңге жайған, түркі мемлекеттері арасындағы мәдени-рухани көпірге айналған ТҮРКСОЙ түркі дүниесіндегі алғашқы ұйым болды. Келесі жылы халықаралық ұйымның құрылғанына 30 жыл толады. Оның діңгегі сонау 1993 жылы қазақ жерінде – Алматы қаласында қаланды. Сол себептен де, түркі кеңістігінде қауқарлы, беделді ұйымның тарихында Қазақстанның саяси маңызы үлкен. Түркі халықтарын қай салада да біріктіре алатынын ТҮРКСОЙ өткен отыз жылдың бедерінде дәлелдеді. Оған қаншама атқарылған іргелі істер мен бастамалар, тың жобалар, есепсіз іс-шаралар тізбегі куә. Алдағы мерейтойға орай Қазақстанда бірқатар іс-шара жоспарланып отыр. Мәселен, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, одан бөлек 2023 жыл – ТҮРКСОЙ аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан ұлтжанды тұл­ғаның 125 жылдығына орай «Темірбек Жүргенов жылы» деп жарияланды», деді Сұлтан Раев.

Көрмеге ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында жарияланған түр­­кітілдес авторлардың шығармалары, балалар әдебиетінің иллюстрацияланған басылымдары, оқырмандардың кең ауқымына арналған ғылыми-көпшілік кітаптар ұсынылды.

Маржан ӘБІШ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз