Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ЕХРО – 2017: Әлемдік БАҚ не дейді?

ЕХРО – 2017

«Оффшор Уинд» интернет басылымы:

«ЕХРО – 2017» көрмесінде жел турбиналарынан бастап электр қуатымен жабдықтайтын ақылды жүйелерге дейін түрлі инновациялармен танысуға болады. Астанадағы көрме – «жасыл» энергетика саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табу мен тәжірибе алмасудың әлемдік алаңы.

Көрмеге қатысушы елдердің көбінде өз павильоны бар. Онда олар «жасыл» технологиялар саласындағы жетістіктерін ұсынып, шөл немесе мұхит секілді түрлі географиялық жағдайда жаңғыртылатын қуат көздерін пайдалануда өз тәжірибесімен бөлісіп жүр. Көрменің орталық бөлігі «Нұр Әлем» – жаһандағы сфера түріндегі ең үлкен құрылым. Ол – қуат үнемдейтін ғимараттың керемет үлгісі».

«Сандэй ньюс» журналы:

«Астанадағы көрменің маңызы Олимпиада немесе футболдан әлем біріншілігімен шамалас. Алғаш рет ЕХРО тақырыбы ретінде болашақ энергетика таңдалып отыр.

Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша 11-орында, ал, газ қоры бойынша 7-орында тұр. Сонымен бірге, экспортының 83%-ын мұнай, газ бен өзге пайдалы қазбалар құрайды. Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған ел осындай табиғи байлықтарының арқасында қарқынды дамыған.

Қазақстанның жаңғыртылатын энергетикаға көшу мүмкіндіктері зор. Елдегі желдің орташа жылдамдығы секундына 6 метрден асады, ал, аумағының тең жартысы күн панельдерін орнатуға қолайлы аймақ саналады. Астанадағы ЕХРО көрмесі Орталық Азиядағы басты шараға айналарына сенім мол. Бұл Қазақстан экономикасының даму қарқынын үдете түседі».

ЕХРО – 20172

«The Independent» басылымы:

«Болашақ энергиясына арналған халықаралық көрме кәсіпкерлер мен инвесторларды тоғыстырған алаңға айналды. Көрме аясында ұлттық күнін атап өткен Уганда делегациясының экономикасы қарқындап дамып, Орталық Азияда көшбасшы елге айналған Қазақстаннан үйренері көп. Уганда ел экономикасын жаңғыртуды қолға алды. Сондықтан, Қазақстанмен энергетика, сауда, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және туризм саласында ынтымақтастығымызды дамытып, нығайта түсуді қалаймыз. Біз «ЕХРО – 2017» көрмесіне қатысқанымызды мақтан тұтамыз» дейді Ресейдегі Уганда елшісі Рутазиндва Гидеон Мвебазе «The Independent» басылымына берген пікірінде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button