Болашақ әлемнің энергиясы

Astana EXPO–2017 халықаралық көрмесі – көлемі, қатысушылар және келушілер саны, өту ұзақтығы бойынша келер жылдың әлемдік деңгейдегі ең ірі шарасы болып табылады.

Astana EXPO – 2017 көрмесі – таза энергия планетасын құруға бағытталған ең негізгі қадам. Қазақстандық көрменің басты мақсаты – заманауи энергетикалық саясаттың стратегиялық басымдықтары бойынша халықаралық диалог алаңын құру, болашақтың энергиясы моделін қалыптастыру және ғаламның тұрақты дамуына жол ашу болып табылады.

Ең үздік тәжірибелер

аймағы (eBPa)

eBPa – Астана көрмесінің символикалық орталығы. Онда өндіріс, энергияны сақтау және пайдалану, климаттық өзгерістермен күрес, дамушы елдерді электр энергиясымен қамтамасыз ету саласындағы әлемнің ең озық технологиялары мен стратегиялық жобалары шоғырланады.

1 қабат: Ұлттық павильон

2 қабат: Су энергиясы

3 қабат: Кинетикалық энергия

4 қабат: Биомасса энергиясы

5 қабат: Жел энергиясы

6 қабат: Күн энергиясы

7 қабат: Ғарыш энергиясы

8 қабат: Болашақ Астана

Халықаралық көрме кезінде тақырыптық бағытта жұмыс істейтін павильондар:

1 павильон:

«Энергия әлемі» және «Өмір сүру энергиясы»

 

2 павильон:

«Баршаға арналған» энергия және «Менің болашағымның

энергиясы»

P.S. 2017 жылдың маусымқыркүйек айларына белгіленген, барлығы 93 күнге созылатын халықаралық ісшара ел экономикасының дамуына, туризм саласы әлеуетінің күшеюіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, Астананың жаңғыруына, ерекше жобалардың, бастамалардың, тың оқу бағдарламаларының іске қосылуына, болашақ технологияларына жол салуға, шетелдік инвестицияның тартылуына ықпал етеді деп күтілуде.

Ең бастысы, ЕХРО көрмесі Қазақстанның энергиялық тұрғыда тиімді дамуына және «жасыл» экономикаға көшуінің басты катализаторы болады.

 

Дайындаған:

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз