Егін шаруашылығына бөлінген 139,2 миллион теңге қалай игерілді?

1523539165 f572d48d479b70759528e7cdfe4efa8d Жаңалықтар

Былтыр облыста егін шаруашылығын дамытуға бағытталған төрт бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қазынадан бөлінген қаржы көлемі 139,2 млн. теңгені құрады.

1523539165__f572d48d479b70759528e7cdfe4efa8d

Тарқатып айтсақ, алғашқысы ­­– ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметінің құнын субсидия-лау. Бұған бөлінген қаржы 81,2 млн. теңге болса, қазіргі уақытта соның 64,2 млн. теңгесі игерілген. Екіншісі ­– егіншілікте қолданылатын тыңайтқыштарды сатып алу шығындарына субсидия беру. Мұнда қаралған 49 млн. теңгенің игерілгені 35,0 млн. теңгені құрап отыр. Үшіншісі ­– өсімдіктерді түрлі зиянкес-терден қорғау үшін пайдаланылатын гербицидтер шығынын мемлекет есебінен өтеу. Оған 3,0 млн. теңге бөлініп, соның 2,0 млн. теңгесі жұмсалған. Төртінші бағыт ­– тұқым шаруашылығын қолдау. Осы мақсатқа бюджеттен бөлінген 6,0 млн. теңге толықтай игерілген.

Биылдан бастап облыстағы егістік алқаптар мен алдағы уақытта егін салынатын жерлер субсидиялаудың электрондық жүйесіне көшірілуіне байланысты мәліметтер электронды картаға енгізілуде. Қазірдің өзінде тыңайтқыштар мен гербицидтерге субсидия беру бағдарламасы толығымен осы жүйеге ауыстырылған. Сайып келгенде, ауылдағы кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдаудың бұл түрі оларды ынталандырып, егіншілікті табысты салаға айналдыруға кепілдік берері сөзсіз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз