Ең көп мұнай берген қай кен орны – Атырауда

ЖӘНЕ Жаңалықтар

Былтыр Каспий құбыр консорциумы арқылы 54,3 миллион тонна Қазақстанның «қара алтыны» Теңіз терминалынан Новороссийскіге жіберілген. 

МҰНАЙ ЖӘНЕ

Өткен жылы ең көп мұнай берген, бұл – Теңіз кен орны. Одан 28,7 млн. тонна мұнай өндірілген. Ал, Қашағаннан – 13,2 млн., Қарашығанақтан – 10,3 млн. тонна мұнай алыныпты. Айта кетейік, «Теңіз – Новороссийск» құбырының ұзындығы – 1511 шақырымды құрайды. Елімізден экспортқа шығатын мұнайдың үштен екісі осы бағытпен тасымалданады.
«ВВС» агенттігінің хабаралуынша, «қара алтын» құны да жыл басынан бері 11 пайызға өскен. Нақтырақ айтқанда, «Brent» маркілі мұнайдың наурыз айындағы жеткізілім бойынша фьючерстерінің құны лондондық «ICE Futures» биржасында барреліне 60 доллардан өскен. Ал, өткен жылдың соңында барреліне 53,8 долларды құраған еді.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз