Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Еңбекақысы көбейетіндер кімдер?

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті  отырысы болды. Кеңес мүшелері жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту және шағын несие беру туралы мәселелерді талқылады.

????????????????????????????????????

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрсұлтан Бисембиевтың баяндауынша, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту мәселесі – халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тобына жасалған үлкен жеңілдік.  Салық жүктемесінің 1%-ға  төмендеуі жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ, жалақының көтерілуіне ықпал етеді. Бұл бастама 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен жалақы алатын облыс бойынша 65 мыңға жуық адамның еңбекақысын көбейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Биылғы жылы 62 жоба субсидияланып, нәтижесінде 152 жаңа жұмыс орны құрылмақшы. Жалпы сомасы 841 млн. теңге болатын 67 жоба кепілдендірілді және мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша сомасы 29 млн. теңге болатын 14 жоба мақұлданған.

Бақытжан Хамитұлы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button