Жарнама
Жаңалықтар

ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАДЫ

 

Салтанатты жиынды орталық төрағасы Диас Сұлтанов ашты. «Елбасының халыққа арнаған әр Жолдауы жыл өткен сайын серпінді экономикалық өсімге, белсенді әлеуметтік саясатты жүргізуге,  адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік бергені айқын», — деді Диас Бауыржанұлы.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттерінің төрайымы Айбибі Бисембаева, облыстық қарттар мен мүгедектердің интернат үйінің кәсіподақ ұйымы төрайымы Жаннат Төлесінова да тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің гүлденуі жайында өз ойларын білдірді.

Сондай-ақ, жиында бір топ  сала мамандары  «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында, Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің мүшесі, кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұржан Жолмағанбетов, «Қазақстан» РТРК» Атырау филиалы телерадиокомпаниясының кәсіподақ ұйымының төрайымы Слухия Әбжатырова бар. Облыс әкімінің Алғыс хатына «ВОЛСпроектСтрой» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Қазақбай Бекмұратов, «Қазақстандық мұнай газ салалық кәсіподағының» бас маманы Айнагүл Нұғманова ие болды. Ал, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасына «Ембімұнайгаз» кәсіподақ ұйымының төрағасы Кенжеғали Шанханов, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымының бас есепшісі Алтын Тұяқбаева, орталық білім басқармасы бастауыш ұйымының төрайымы Роза Қабдолова, тағы басқалары ие болды. Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button