Доссорда 10,4 шақырым автокөлік және 5,6 шақырым жаяу жүргінші жолы салынбақ

86866669 1 Жаңалықтар

Доссорлықтардың негізгі мәселесі – жол болса, алдағы уақытта аталған кентті 99 пайыз жолмен қамтылу көзделуде, деп хабарлайды Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек Іңірбайдың айтуынша, осы жылы «Доссор кентіндегі 23,6 шақырым автокөлік жолын салу» жобасы бойынша жұмыстар жүруде.

– Жоспарға сәйкес кенттегі «Болашақ» ықшам ауданына, 7 ауыл яғни, Б.Момышұлы, Р.Қитаров, Ғ.Құрманғалиев көшелеріне, сонымен қатар Ш.Еркешов, Б.Аймағамбетов, Қ.Құдабаев, Н.Құсайынов көшелеріне 10,4 шақырым автокөлік жолдары және 5,6 шақырым жаяу жүргінші жолдары салынбақ. Қазіргі таңда жол құрылыс жұмыстары «Болашақ» ықшам ауданында жүріп жатыр,- деді Т.Іңірбай.

Оның айтуынша, «АтырауинжстройКазСервисГрупп» ЖШС мердігерлік ететін бұл жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Доссор кентінде бүгінде 14 мыңнан астам халық бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз