Қызылқоға ауданындағы балық өлімінің Жайықтағы жағдайға қатысы жоқ

20190313132334 3 Жаңалықтар

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Ойыл өзеніндегі жағдайға анықтама берді.

Бүгін «Бекіре-2019» ірі балық қорғау іс-шарасы туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төраға орынбасарының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов Ойыл өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактісіне тоқталып өтті.

– Бүгінгі күні кестеге сәйкес мемлекеттік органдардың қатысуымен балық өлімі орын алған жерге арнайы комиссия барып, су сынамаларын алды. Бұл жағдайды Жайықтағы оқиғамен байланыстыруға болмайды. Бұл теңіз бен Жайық өзенінен тым шалғай орналасқан. Шамамен, мөңке балықтардың қырылуы судағы ауаның жетіспеуімен байланысты.

Айта кетейік, кеше, 28 наурыз күні Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Көкмешіт маңы, Ойыл өзенінің саласында шағын көлемді карась тұқымдас балықтардың өлген қаңқасы табылды. Қазіргі таңда өлген балықты жинау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл қайтарымсыз биологиялық процесс, ол бұрын да болған. Өзен балық аулау маңызына ие емес және жағдай Қазақстан Республикасының балық ресурстарына зиян келтірді деп айта алмаймыз. Төтенше жағдайдың салдары анықталады, жағдайдың нақты жауабы тез арада берілетін болады, – дейді Нариман Жүнісов.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз