Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

Доссор-Мақат жолының құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталады (+ФОТО)

Атырау облысында аудан әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру жиындары басталды. Бірінші кезекте Мақат ауданының әкімі өткен жылғы атқарған жұмысын баяндады.

FB_IMG_1547916256913

FB_IMG_1547916259187

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Мақат ауданына жұмыс сапары барысында Баймұқанов атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Жұмабай Қарағаевтың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және жаңа міндеттер, аймақ басшысы тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мәдениет үйінің залы аудан әкімін ғана емес, аймақ басшысын да тыңдауға келген халыққа лық толды. Жұмабай Қарағаев өзі басқаратын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қортындылары туралы есеп берді.
Елдімекендерінің саны жағынан шағын аудан соңғы жылдары оң көрсеткіштер көрсетіп келеді. Өндірістік, экономикалық көрсеткіштермен бірге әлеуметтік сала да жақсы дамуда. Әкім Мақат ауданы дамуының басты көрсеткіштерін атап өтті.
— Ауданда өндірістік өнім көлемі өткен жылы 78,9 млн теңге болды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 749,8 млн теңгеге өсті,-деді Жұмабай Қарағаев.
673,6 тонна ет, 1 437 тонна сүт, 36 мың дана жұмыртқа өндірілді. Мал басында да өсім бар, ірі қара мал – 1 605 бас, қой мен ешкі – 3 362, жылқы – 1 343, түйе – 534.
Мақат ауданы айтарлықтай инвестиция тартып отыр. Өткен жылы негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 11 млрд 853 млн теңгеге жетті.
— Өткен жылы ауданда 26 320 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Экономиканың барлық секторларында 1730 жұмыс орны құрылды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24,1 % жоғары,-деп атап өтті аудан әкімі.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуінің нәтижесінде жұмыспен қамту орталықтарына келушілердің саны артты. Мемлекеттік бюджетке 2,4 млрд теңге бағытталды. Жұмыссыздықты, мекенжай әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылар санын азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.

FB_IMG_1547916251154

FB_IMG_1547916249180

— Жыл қортындысы бойынша 1 750 адам жұмысқа орналасты, яғни 2017 жылмен салыстырғанда 26,5 % жоғары, 512 адам қоғамдық жұмысқа бағытталды, 66 адам әлеуметтік жұмысқа, 107 адам жастар тәжірибесіне жіберілді, — деді Жұмабай Қарағаев.
Қарабатан станциясында «Сұйылтылған көмірсутегі газын қабылдау, сақтау және жүктеу» жобасын жүзеге асыру бойынша жобалық жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр. Жобалау жұмыстары 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталады. Жоба құны 38 млрд теңге.
— Жобаны, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезінде 500 жұмыс орны ашылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін 100 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Кешенге жыл сайын 750 мың тонна сұйылтылған көмірсутегі газы түседі деп күтілуде. Жобаны іске асыру аудан бюджетін 700 млн теңгеге толықтыруға мүмкіндік береді, — деді аудан әкімі.
Жұмабай Қарағаев ағымдағы жылдағы жоспарлар туралы да айтты. Доссор поселкесінде 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. С.Шәріпов атындағы мектеп-интернат пен Л.Шахатов атындағы мектепке күрделі жөндеу жасалады. Доссорда 5,8 км автожол, 3,4 км жолаушылар жолы жөнделеді. Осындай жұмыстар Мақатта да қолға алынады. Биыл Доссорда 100 орындық санаторлық типтегі балабақша пайдалануға беріледі. 280 орындық балабақша салынады.
Аудан тұрғындары Жұмабай Қарағаевтың аудан әкімі лауазымындағы қызметіне оң баға берді.

FB_IMG_1547916246102

Кездесу соңында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ауыл тұрғындарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
— Мемлекет басшысы қойып отырған міндеттер ауыл тұрғындарына, олардың жақсы өмір сүрулеріне тікелей байланысты. Елбасы жергілікті атқарушы органдардың алдына қойылған міндеттердің орындалуын, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жіті бақылауда ұстайды,-деді Нұрлан Ноғаев.
– Президенттің облысқа жұмыс сапары барысында, өткен жылдың 23 тамызында бірқатар мәселелерді бақылауға алу тапсырылған болатын. Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, тиісті министрліктермен бірлесіп осы жұмыстарды атқарып жатырмыз. Қазір ол тапсырмалардың бірқатары орындалды, шешімін тауып жатыр. Нақты айтар болсақ, өткен жылы желтоқсанда Махамбет ауданында Жайық өзенінің үстінен өтетін көпір пайдалануға берілді.
Ақтөбе-Атырау, Атырау-Астрахань автожолын күрделі жөндеуден өткізуді жылдамдату жөнінде де тапсырма берілді.
— Өткен жылы Атырау-Астрахань жолын күрделі жөндеуден өткізуге дайындау бойынша жұмылдыру жұмыстары басталды. Ақтөбе-Атырау жолына қатысты айтар болсақ, Мақат-Доссор арасындағы жол құрылысы аяқтала келді. Бұл мәселе көп жылдар бойы шешімін таппай келген еді. Қазір бұл жол салынды, бірінші жартыжылдықта толығымен пайдалануға беріледі,-деді облыс әкімі.
Нұрлан Ноғаев Жұмабай Қарағаевқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button