
Жаңалықтар
«Дос» есігін ашты
Республика күні қарсаңында Алмагүл ықшам ауданындағы 28 үйден «Дос» әлеуметтік- еңбек оңалту тренинг орталығы ашылды.
«Мүгедек әлемі» ҚБ — нің 20 жылдығына орай есігін айқара ашқан орталық тағдыр теперішін көріп жүрген жандарға кешенді түрде түзету көмегін көрсетеді. Орталықтың барлық маманы бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар уақытылы әрі кешенді оңалтуға қол жеткізеді. Олар да мұндай орталық ашылғанына разы.