Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Доллар бағамы төмендеді

Atr.kz/14 маусым, 2019 жыл. Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 384,18 теңгені құрады.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,4 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға — 384 теңге, ал ең жоғарысы 384,3 теңге болды. Сауда көлемі 33,548 млн долларға жетті. Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 384,58 теңгені, күндізгі сессияда 384,44 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 384,51 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі — 160,104 млн доллар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button