COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

ДЕЗИНФЕКЦИЯлау қандай деңгейде?

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласы бой­ынша дезинфекция­лау жұмыстарымен негізінен үш компания шұғылдануда. «Аты­рау облыстық де­зинфекциясы», «AG Disinfection Services» және «РrofDezCentre» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің 100- ден астам қызметкері күн сайын жаяу жүргінші жолдарына, көп қабатты тұрғын үйлердің аула­ларына, балалардың ойын және спорт алаңқайларына, кірме дәліздердің алдындағы алаңшаларға залалсыз­дандыру жұмыстарын жүргізеді.

 Осы мақсатта 86 гидро- пульт, алты тұман, сон­ш а а у а г е н е р а т о р ы қолданылуда. Одан бөлек, дезинфекциялауға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерзімді әскери қызметшілері мен арнайы әскери жиынға шақырылған жігіттер тартылған. Оларды қосқанда, барлығы 205 адам осы жұмысқа жұмылдырылып отыр. Қазіргі мезгілде шаһардағы ірі супермаркеттердің алдына арнаулы дезинфекциялық алаңдар орнатылуда. Сау­да орнына келушілер сол арқылы өтеді.

Көшелер мен алаңдардан басқа, қаланың Нұрсая, Алмагүл, Самал, Балықшы мөлтекаудандары және өзге аймақтары дезинфекциялық ө ң д е у ш а р а л а р ы м е н қамтылды. Мұндағы балаларға арналған ойын алаңдары, базарлардың айналасындағы ашық аумақтар мен автобус аялдамалары назардан тыс қалмады. Оның үстіне, ба­зарлар мен басқа да адамдар көп шоғырланатын орын­дарды залалсыздандыру үшін душ түріндегі туннелдер мен санитайзерлер қолданысқа енгізілді. Осы уақытқа дейін барлығы 1 200-ге жуық көп қабатты үйдің кірме дәліздері дезинфекцияланды.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың ай­туынша, жоғарыда аталған үш мекеменің күн сайын қаланың орталық көшелеріне қатысты қамтитын аумағы 375 мың шаршы метрді құрайды. Нақтылай кетсек, «Атырау облыстық дезин­фекциясы» ЖШС Азаттық даңғылынан бастап, Махам­бет көшесі, Абай даңғылы, Уәлиханов, Әуезов көшелерін қамтиды. Сол сияқты, «AG Disinfektion Services» ЖШС Тайманов даңғылы, Бей­барыс даңғылы (оң жағы), Құрманғазы, Молдағұлова көшелері, университеттен Бейбарыс даңғылына дейінгі аралық, Сәтбаев даңғылы мен Ғұмаров, Владимир­ский, Құлманов көшелері бойымен залалсыздандыру жұмыстарын міндетіне алған. Ал, «ProfDezCentre» ЖШС Баймұханов көшесі, Бей­барыс даңғылы (сол жағы), сондай-ақ, Канцев, Аман­досов, Берғалиев, С.Датов, Наурызәлиев, Мұхтаров көшелерінде дезинфекция жүргізеді. Мұның сыртында, қаланың кіреберістеріндегі т ө р т б л о к — б е к е т т і ң санитарлық тазалығын қамтамасыз ету де «Атырау облыстық дезинфекция­сы» ЖШС-не жүктелген. Қ о ғ а м д ы қ к ө л і к т е р қозғалысының уақытша тоқтатылуымен байланысты, жұмысқа баратын жолау­шыларды тасымалдау үшін қала әкімдігінен 7 бағытта қатынайтын автобустардың шығарылғаны б е л г і л і . Олардың тоқтайтын аял­дамаларын, сонымен қоса, қоқыс контейнерлері мен алаңдарын залалсызданды­румен «Арнаулы көлік ба­засы» ЖШС айналысады. Көшелердің бойында дезин­фекция жүргізуге барлығы 25 бірлік автокөлік тартылып отыр.

Дәулетқали АРУЕВ

***

 Гүлбаршын ҚАППАБАЕВА,

«Жеті қазына» ПИК-нің төрайымы:

– Менің ойымша, дезинфекция жұмыстары карантин кезімен шектелмей, былайғы уақытта да жүргізіліп отырса, артық емес. Ал, қазіргідей әлемде пандемия етек алып, қауіпті аурудың ошақтары бой көтеріп тұрған мезгілде мұндай шаралардың маңыздылығы арта түсері сөзсіз. Оның тиянақты да, нәтижелі ұйымдастырылуына бәріміз де бір кісідей жұмылуымыз керек деп есептеймін.

 Айболат АҚЖІГІТОВ,

Атырау қаласының тұрғыны:

– Елімізде етек алған эпидемияға қарсы алынып жатқан шаралардың бірі – залалсыз­дандыру. Өзіміз куә болып отырғанымыздай, бүгінде дезинфекциялау жұмыстары барлық нысандарды қамтуда. Олардың қатарында көп қабатты тұрғын үйлердің кірме дәліздері де бар. Осы орайда, өзіміз тұратын Нұрсая мөлтекауданы 76-үйдің тұрғындары атынан бұл жұмысты жүргізген «Қалалық тұрғын үйлерге қоммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button