«Қара алтын» өндірісі тоқтамайды

photo 601 Жаңалықтар

Аtr.kz/26 сәуір, 2020 жыл. Дүниежүзілік пандемияның салдарынан көптеген компания қызметін уақытша тоқтатты. Десек те, мұнай өндіру, оны өңдеу – кідірмейтін құбылыс. Өйткені, «қара алтыннан» алынатын негізгі өнім – жанар- жағар май күнделікті тұрмысқа аса қажет. Ендеше, отандық кәсіпорындардың бүгінгі жай-күйі қалай? Өндіріс басындағы жұмысшылар азық-түлікпен, дезинфекциялық құралдармен толық қамтылған ба? Біз осы сауалдарға жауап іздедік.

Зауытта қатаң санитарлық режим

Б і р н е ш е м ы ң д а ғ а н қызметкері бар «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС карантин енгізілгеннен бастап әкімшілік-тұрмыстық орынжай мен аумақтарда дезинфек­циялау шараларын күшейтті. Серіктестіктің жұртшылықпен б а й л а н ы с б ө л і м і н і ң мәліметінше, коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 5 электр аппараты, 40 килограмға жуық химиялық реагент, 80 арнаулы киім және бетперде сатып алынған. Сондай-ақ, зауытты тазалау жұмыстарымен айналысатын «АЙZA-Сервис» және «Газ­стройпроект» ЖШС мердігер мекемелерінде бес бригада құрылды. Дезинфекциялық құралдарды зауыт аумағында жедел тасымалдау үшін арнайы көлік құралы бөлінген. Бұдан бөлек, барлық ғимараттар мен аумақтарда, адамдар көп шоғырланатын орындар­да арнайы құралдар арқылы ылғалды тазалық шаралары жиірек жүргізіле бастады.

Зауыттың екі кіреберісінде күн сайын дене қызуын ө л ш е й т і н қ ұ р а л д а р қондырылды. Сол арқылы ма­мандар ауысыммен ғимаратқа келушілердің дене қызуын бақылап отырады. Ол үшін 20 дана қашықтан өлшеу термометрі сатып алынған.

Мамандардың т ү с і н – діруінше, зауыт толықтай антисептикалық құралдармен қамтылған. Жалпы, 36000 дана бетперде, 20000 «РМ» респи­раторлы маркалы бетперде, 780 литр антисептикалық сұйықтық, 500 дана жеке бас гигиенасына арналған гель сатып алынған.

Бүгінгі таңда зауытта өңдеу жұмыстары тоқтаған жоқ. 1700-ге тарта жұмысшы ауысым арқылы қызметін жалғастырып жатыр. Ал, кеңседегі қызметкерлердің 86 пайызы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен.

Отандық өнім экспортталады

Атырау мұнай өңдеу зауы­ты бензол мен параксилол­ды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығару құқығына ие болды. Осылайша, зауыт­та өндірілетін мұнай-химия өнімдері REACH халықаралық сертификациясынан өтті. Бұл оларды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

«Атырау мұнай және газ өңдеу зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімінің хабарлауын­ша, аталған сертификатты Еуроодақ регламентінің талап­тарына сай келетін тауарлар иеленетін көрінеді.

Ал, өнімді сертификаттау тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған орт аны қорғаудың жоғары деңгейін, бәсекелестік пен иннова­цияларды қолдануды арттыра отырып, химиялық заттардың еркін айналымын қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Еуроодақ аумағындағы хи­мия өнеркәсібіндегі барлық кәсіпорын өндіретін неме­се экспортқа шығаратын химиялық заттар туралы ақпаратты тапсырып отыруға міндетті.

REACH сертификатын рәсімдеу бірнеше кезеңмен жүргізілді. Оның тіркеу нөмірін алу үшін барлық қажетті құжат дайындалған. Импорттаушы – ұйымды, яғни «АМӨЗ» ЖШС-гін Химиялық заттар жөніндегі еуропалық агенттікте (ECHA), сондай-ақ, деректерді бірлесіп беру жүйесіне (Joint Submission) қосу жүргізілген.

А т а п а й т у к е р е к , жаңғырту кезінде зауыт­та салынған ароматикалық көмірсутектерді өндіру кешені жылына жоба бойын­ша 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіре алады.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз