ДЕПУТАТ СЕРІК ЕРУБАЕВ ИСАТАЙ АУДАНЫН АРАЛАДЫ
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау мұнай өңдеу зауытынан кейін Исатай ауданына барды.
Ол Хамит Ерғалиев және Жанбай селолық округтерінде болып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Онда халық қалаулысы «Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы атқарған маңызды жұмыстары жөнінде есеп берді. Содан соң ауыл тұрғындарының көптен бері көкейде жүрген сауалдарына жауап берді.
Атап айтқанда, ауылшаруашылық саласы, соның ішінде, мал шаруашылығын дамытудағы көкейтесті мәселелер көтерілді. Әсіресе, атакәсіптен нәсіп табамын деген жас кәсіпкерлерге субсидия мен мемлекеттік грант бөлу, пандемия жағдайында оларға жеңілдіктер жасау жайы сөз болды.
Сол сияқты, азық-түліктің күн санап қымбаттауы жалақысы бір орыннан жылжымайтын тұрғындарға қиындық келтіруде. Бағаны бақылауда ұстауға жауап беретін арнайы мамандар тағайындалса деген ұсыныстар да айтылды.
Сондай-ақ, ауыл жастарының жұмыссыз жүргені – шынбайға батса да шындық. Осы орайда, екі қолға бір күрек тауып бере алмайтын мекемелермен келіссіөздер жасалуы керек-ақ. Әйтпесе, ауылдағы жастардың жаппай облыс орталығына қоныс аударып жатқанын аңғару қиын емес.
Тағы бір мәселе, ауылдағы каналдарға су жіберудің өзі де қазір мұңға айналған. Міне, аталған проблемаларды көзбен көріп, құлақпен естіген мәжілісмен оларды шешудің тиімді тәсілдерін тауып, тез арада қолға алу қажеттігін айтты.