Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Денсаулық» пойызы – Доссорда

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында тәжірибелі дәрігерлерден құралған «Денсаулық» пойызы мұнайлы аймаққа табан тіреген алты күннің ішінде мыңнан астам тұрғынға дәрігерлік қызмет көрсетті. Ел арасында «Доңғалақты емхана» атанып кеткен бұл арнайы пойыз Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру үшін халыққа қолжетімді медициналық көмек беруді мақсат тұтты…  

ақпарат ағыны

«Доңғалақты емханадан» – тегін көмек

Заманауи құрылғылары бар көшпелі емхана кеше Доссор кентіне аялдады. Пойыздағы сегіз вагонның  төртеуінде  емхана жайғастырылған. Емхана ультрадыбыстық зерттеу, рентген аппараттарымен жарақтандырылған. Кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, терапевт және басқа да тәжірибелі 23 дәрігер  шалғай елді мекен тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етіп келеді.

Атырау облысында «Денсаулық» пойызы өз жұмысын 18  мамырда Жылыой ауданынан бастады. Содан бері  дәрігерлер Жем, Қосшағыл және басқа елді мекен тұрғындарына білікті медициналық  көмек көрсетті.

Осымен жетінші жыл ұйымдастырылған «Доңғалақты емхана»  сапарын шал-ғай ауылдағы мұнайлы аймақ халқының да асыға күтетіні рас. Себебі, заманауи құрылғы-жабдықтармен жарақтанған бұл пойызда қарапайым халықтың қолы жете бермейтін дәрігерлік көмек түрлері тегін көрсетіледі. Әсіресе, медициналық қызметке әлеуметтік әлсіз топтағы адамдар зәру. Содан болса керек, әр стансада тұрғындар көп жиналды. Барлығы да өздерінің денсаулығын тексертуді көздейді. Көбі балаларын бірге алып келіпті.

ақпарат ағыны2

– Пойыздың медициналық бригадасына Алматы, Семей, Орал, Қызылорда қалаларындағы емдеу мекемелері мен Атырау теміржол ауруханасының білікті дәрігерлері топтастырылған. Бұл топ теміржол бойындағы  елді мекендер  тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыруда. Пойыз компьютерлік спирометрлік жүйе, эхоэнцофалограф, бейнегастрофибраскоп, велоэргометр, кардиограф және деректерді өңдеу компьютерлік жүйе жиынтығымен, жапон, неміс фирмаларының соңғы үлгідегі рентген, стоматологиялық, лор және офтальмологиялық қон-дырғылармен жабдықталған, — дейді «Денсаулық» пойызының жетекшісі Әлия Абдышева бізбен әңгімесінде.

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ «Денсаулық» пойызының үйлестірушісі Марат Ещановтың айтуынша, қолжетімді медициналық қызметті пайдалануға ниет білдірушілер қатары жылдағы деңгейден артқан.

– Осы сапар барысында халықтың скринингтік  тексерістеріне аса мән беріп отырмыз. Медициналық тексеру нәтижелері жергілікті емдеу-сауықтыру мекемелеріне табысталады. Қажет болған жағдайда ірі қалалардағы емдеу орындарына жолдама беріледі. Елбасының тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба өткен жылдар тәжірибесі көрсеткеніндей, «Нұр Отан» партиясы мен жергілікті әкімшілік, теміржол,  денсаулық сақтау мекемелерінің ұйымдастырушылық шараларының нәтижелілігін көрсетті, — деген пікірімен бөлісті  Марат Ещанов.

Шырағыңыз сөнбесін!..

– Қабылдауыма келген адамдардың денін жүрек ырғағының бұзылуы, инфарк-тан кейінгі кардиосклероз, жүректің ишемиялық ауруы сынды сырқаттар мазалайды.  Күніне 100-120 адамды қабылдап, ақыл-кеңесімді, ем-дом алу жөніндегі нұсқауымды беріп отырмын, — дейді алматылық кардиолог Гүлзада Айтходжаева.

Жадыра Сәдуақасова Алматының медицина институтын бітіріп, қазір Қызыл-орда облысының денсаулық сақтау саласында қызмет етеді екен. «Денсаулық» пойызындағы әріптестерімен ал-ғаш сапарға шығыпты. Ал, Жанар Мырзабекова – Ақтөбедегі М.Оспанов атындағы медициналық институтының түлегі.  Он бір жылдан бері адамдардың жанарларын тексеріп, тиісті ем қабылдауға кеңес беріп жүр. Көз дәрігерінің ай-    туынша, әсіресе жасы ұлғайғандардың арасында катаракт, глаукома аурулары жиірек байқалады. Оған күніне 130-150-ге дейін науқасты қабылдауға тура келеді.

ақпарат ағыны3

– Соңғы жылдары байқағаным, балалар арасында көзінің көруі нашарлағандар қатары көбірек кездеседі. Бұған олардың компьютерді, ұялы байланыс телефондарын ұзақ  пайдалануының  зардабы  тиеді.

Эндоскопист-рентгенолог Серікболат Нұралыға, лор-дәрігері Расул Калекеевтің қабылдауына келушілер қатары да көп болды.

P.S. Маңғыстау облысының Тұрыш стансасынан науқастарды қабылдауды  бастаған  пойыз теміржол бағытында орналасқан  елді мекендерді аралап, әр стансада екі-үш күн бойы жұмыс жасады. Білікті дәрігерлер тұрғын-дарға салауатты өмір салтын ұстану, сырқат түріне байланысты тамақтану жөнінде де пайдалы ақыл-кеңестерін беруді назардан тыс қалдырмайды. Бұл туралы дәрігерлер де, тұрғындардың өздері де  айтып жатты. «Денсаулық»  пойызы ертең Ескене стансасына аялдап, әрі қарай Исатай ауданына қарасты Томан, Аққыстау, Нарын, Исатай бекеттерінде және Құрманғазы аудандарының елді мекендерінде сапарын жалғастырады.

Бақытжан ЖҰМАТ 

Суреттер автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button