Жарнама
Жаңалықтар

Дендердің байлығы әлі игерілмей келеді

Дендертау туралы аңыз ата-бабаларымыздың қасиеті мен көрегендігіне негізделген. Бұл жердің қойнауында Менделеев кестесіндегі элементтердің бірталайы бар деп ойлаймын. Әсіресе, ұсақ қиыршық тас, гипс секілді құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар ашылса, тұрғын халыққа да пайдасын тигізер еді. Дендердің қойнауында тұмшаланып шықпай жатқан кеннің бірі — борат. Бұл – әлемнің үш жерінде ғана бар қазына. Бірі  сонау шығыс Сібірде, бірі Америка құрлығында, үшіншісі Индерде. Борат кенін 1970 жылға дейін Кеңес үкіметі әскери мақсатқа пайдаланып келді. Сондықтан, борат өндіретін кеніш жабық болды. Тіптен  бұл жерге келетін хат-хабарларға «Далалық пошта» деген белгі соғылып, мөртабанмен бекітілетін. Оны да көзіміз көре қалды.

Қазіргі таңда сол карьерлер игерусіз, ашық аспан астында жатыр. Негізінен борат әйнекке, керамикаға беріктік қасиетті үстейді. Оны зымырандарды жасау ісінде де қолданады екен. Өйткені, атмосферадан ғарыш кеңістігіне ұшып шығу үшін қаншама қысым керек?! Міне, «сол кезде ғарыш кемесін балқып кетуден сақтау үшін борат қосады» деседі. Бала кезімізден Дендертау жайлы аңыз-әпсананы естіп, соған сеніп өстік. Сондықтан, туған жеріміздің келешегі бұдан да нұрлы болары кәміл.

Сансызбай БАЗАРБАЕВ,

ақын, журналист,

Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button