Мектептен кейін оралмаған: Атырауда жоғалған 9 жасар қыз табылды

rozysk scaled e1639033499640 704x400 1 Жаңалықтар

Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар қыз табылды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 9 жасар қыз 7 желтоқсанда жоғалып кеткен.

 «Атырау қаласының тұрғыны Абзал Бөкеновтен 7 желтоқсанда сағат 19:31 шамасында Жедел басқару орталығына 2012 жылы туған жасөспірім қыздың жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Бала «Нұрсая» шағынауданындағы орта мектепте екінші ауысымда оқыған. Бірақ, сабақтан кейін үйіне оралмаған. Осы дерекке байланысты полицейлер жедел іздестіруге кірісті. Патрульдік полиция қызметінің «Батыс-29» экипажы жоғалған жасөспірімді «Тұлпар» шағынауданындағы С.Бейбарыс көшесінің бойынан сол күні тауып, ата-анасына жеткізді», – дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Биғамбаев.

Жасөспірімнің айтуына қарағанда, мектептен шыққан соң достарымен ойнап жүріп, өзі тұратын шағынауданнан алыстап кеткен.

«Жоғалған жасөспірімді іздеуге учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жасөспірімнің фотосуреті мен бағыттама сол шағынаудандағы пәтер иелерінің кооперативтері ашқан WhatsApp чаттарына жедел таратылды. Сондай-ақ, шағынаудандағы бейнекамералар арқылы көшедегі қозғалысқа бақылу жүргізілді. Жедел іздестірудің нәтижесінде жасөспірім аман-есен табылды», -дейді Ерлан Биғамбаев.

ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз