«Атырау»: Сіздерді жаңа рубрикалар күтеді

ararrpopopo 1 Жаңалықтар

Atr.kz/5 қаңтар, 2020 жыл. Оқырман назарына жаңа маусымдағы «Атырау» жаңалықтарын ұсынып отырмыз.

Даламның тау мен шыңдары,

 Тарих боп сөйлеп тұр бәрі.

 Найзағай құсап шатырлап,

Түркінің тарпаң ұлдары.

 Өрт болып шарпып тынысы,

Қынапқа түспей қылышы,

Уақыттың басып белінен,

Жошы мен Бату ұлысы

 Жайлады жарты ғаламды

 (Жүрегім содан нәр алды!)

Бірлік боп асқақ мұраты,

Ерлікпен қорғап даламды.

… Солардың сен ғой жалғасы,

 Рухтың алтын арнасы,

 Бабамның әппақ арманын

 Сен-дағы сөзбен қорғашы! – деген болатын Маралтай ақын мұнайлы өңірдің бас басылымы – «Атырау» газетіне арнаған толғауында.

Арқалы ақын жыр нөсерімен жан-жүректегі тілегін осылайша әдіптегеніндей, ұлт мүддесін, ділін, тілін, дәстүрін ұлықтаған, дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақтың басын қосу мұратына үн қосқан, мұнайлы аймақтың жылнамасын түзген газетіміз бүгінде бұқарамен біте қайнасты. Ойы қарау, ниеті терістермен шайнасты, «қазақ» деп соққан жүректермен сырласып, ел бірлігі үшін қара ормандай оқырманмен ойласты. «Атырау» – бұқараның барын безбендеп, жоғын түгендеп отырар мұраттас мұңдасы, алғаусыз ақтарылар, ақылдасар сенімді сырласы. Қоғамда болар қайшылықты пікір, қилы көзқарасқа байсалды байыппен ой толғаудан анық әсте тынбасы! Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік атты асыл арман ақиқатқа айналған,оны тұғырлы етуге бағыт ұстаған кезең бұл! Бұл уақыт ішінде халқымыз жоғалтқанының бәрімен де қайтадан қауышты. Наурыз мейрамы шын мәнінде ұлттық мерекеге айналып, үш күн тойланатын болды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында арғы-бергі тарихымыз жаңғыртылып, шетел асқан ұлттық жәдігерлеріміз туған топыраққа оралды. Еліміздің шекарасы түбегейлі белгіленіп, Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Мемлекеттік тіліміз бекітілді. Қазақтың түпқазығы – ауылды гүлдендіруге бағыт ұсталуда. Ауылды сақтау – Ұлтты сақтау, Рухани жаңғыру идеясына ұласты. Тәуелсіздігіміздің бізге берген керемет табыстары – осы құндылықтарды баянды етудің бел ортасында сіз бен біз де бармыз, қадірлі оқырман! Өйткені, газет – қалың бұқараның  мінбері. Газет – қашанда оқырманымен ғана газет. Бір сөзбен айтқанда, баспасөз бен бұқараның біте қайнасқан дәстүрлі байланысын бұрынғыдан да нығайта түсеміз деген ойдамыз. Ендеше, Ж а ң а ж ы л д а б і з д і ң о қ ы р м а н д а р ы м ы з ғ а ұсынар жаңа жобаларымыз бен тың бастамала рымыз бар: Біз баспасөзге жазылу науқаны барысында облысымыздың барлық аудандарында «Атырау» газетінің к ү н д е р і н ө т к і з і п , оқырмандарымызбен кездесулер – д е а ш ы қ о й – п і к і р бөлістік. Олардың т а л а п – т і л е к т е р і н , ұсыныстарын жазып алып, алдағы жылға нақты жоспарымызды жасадық. Оқырмандар тарапынан «газетте жұртшылықтан түскен хаттарға көбірек орын берілуі тиіс» деген өтініш көп айтылды. Осыған орай біз газетте бұрынғы «Сырқайнар» бетінің орнына «Атырау» және ағайын» атты айқара бет жариялап тұруды ұйғардық. Алдағы елеулі даталар құрметіне «әл-Фараби феномені» және «Абай әлемі» атты айдарлар аясында танымдық материалдар беріп отырамыз. Ұлт руханиятын байыту мақсатында «Жансарай» атауымен жаңа рубрика ашылады. Толғақты тақырыптарға ай сайын арнайы қосымшалар шығарып отыру – «Атыраудың» біраздан бергі ұтымды жобасы. Бұл оқырмандардан да айрықша қолдау тауып отыр. Соның ішінде жастар жылына арнап жыл бойы жарияланып келген «АРМАНДАСТАР» атты қосымшамыз жуырда облыс бойынша бас жүлдеге ие болып, Атырау жастарының «Алтын кітабына» енгізілді. Сондай-ақ, бұрынғы «Педагог» (білім), «Жандауа» (медицина), «Талбесік» (экология), «Бизнесмен» (орта және шағын кәсіпкерлік), «Әділет әлемі» (құқық) арнайы (газет ішіндегі газет) қосымшалары айына бір рет жарық көретін болады. Қазіргі кезеңде жержаhанда күн сайын дерлік жаңалық атаулы зымыран уақытпен бірге ілесіп жатады, бұл «КҮН-ДЕРЕК» айдарында көрініс таппақ.

Біз әркез оқырмандарымыздың сұранысын зерттеп, олар ұсынған, оларды толғандырған көкейкесті тақырыптарды көтеруге мүдделіміз. Бұл тұрғыдан алғанда, «Бір хаттың ізімен», «Журналист оқиға ортасында», «Журналист жолға шықты», «Оқырман ұсынған тақырып» сынды рубрикалар шытырман да қызықты оқиғалардан сыр шертетін болады. Бұған арқау болар хаттар мен арыз-шағымдар қазірдің өзінде редакция қоржынында дайын тұр. Өмірнамасы ерекшелікке толы белгілі адамдар хақында да (халықтық тарихи тұлғалар, Алаш арыстары, «Қара майор», т.б.) очерктер жариялау да жоспарда бар. «Атырау» газеті ба – сты ұстанымының тағы бір ерекшелігі – ұлттық қ ұ н д ы л ы қ т а р ы м ы з д ы ұлықтау; бұқараның мұңын мұңдап, жоғын жоқтау; әлеуметтің әлеуетін көтеру; о қ ы р м а н д а р ы м ы з д ы ң адамгершілік, имандылық

талап-талғамын көтеру. Осы орайда өздеріңізге «АДАМГЕРШІЛІК АЙНАСЫ», «ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІ», «ОНЛАЙН ОЙ», «НЕ ТЫҢДАП ЖҮРСІЗ?», «ҚАЗАҚ ҚАЗЫНАСЫ» атты арнайы айдарлары аясында түрлі жанрда тартымды материалдар ұсынылмақ. Сонымен қатар, «ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН», «СЕЛТ ЕТКІЗГЕН СУРЕТ», «АТЫРАУДЫҢ» ГАЛЕРЕЯСЫ» деген айдарлардың да сізді қызықтырары хақ. Әрине, біз Жаңа жылға жоспарлаған жаңа жобаларымыздың негізгілерін ғана жария еттік. Бұдан басқа да ой саларлық, тағылым аларлық тың бастамаларымызды газет шығару барысында байқап отыратыныңыз күмәнсіз. Жаңа жылда сіздерді «Атырау» газеті «D2» форматтағы жаңа дизайнмен де қуантатын болады.

Қадірлі оқырман! Міне, Жаңа 2020 жыл да табалдырықта тұр. Осы сәтте өтіп бара жатқан жылдың біз үшін – «Атырау» газеті ұжымы үшін ерекше мерейлі бір белес, ақпарат айдынындағы шығармашылық табысты еселей түскен айрықша асу болғанын түйсінеміз. Өйткені, біз «Атырауымыздың» айбынды 100 жылдық мерейтойына қадам басудамыз. Сондықтан да, ұдайы бізбен бірге болып, «Атырауды» еркін ой-пікір мінберіне айналдыруға сіз де атсалысады, үн қосады деген сенімдеміз, құрметті оқырман!

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ,

 Бас редактор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз