Жарнама
Жаңалықтар

Дәстүрлі мұнай-газ көрмесі инновация мен ғылымды жақындастыра түсті

Газетіміздің өткен нөмірінде хабарлағанымыздай, сейсенбі күні  Атырауда «Global Oil&Gas Аtyrau 2016» және «АtyrauBuild 2016» халықаралық мұнай-газ және құрылыс салаларын біріктірген ауқымды көрме басталып, үш күнге созылды.

ҚР Мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК», Атырау облыстық әкімдігінің ресми қолдау көрсетуімен өткізілген бұл көрменің ел экономикасы үшін маңызы аса зор. Себебі, оның мақсаты – Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне жаңа инновациялық жаңалықтарды енгізіп, сырттан инвестиция тарту. Сондай-ақ, отандық мұнай өндірушілер мен шетелдік мұнай компаниялары арасындағы серіктестікті дамыту болып табылады.

Мұнда көмірсутегі шикізатын өндіру мен өңдеуге арналған әлемдік деңгейдегі ең озық технологиялар және сервистік қызмет көрсететін компаниялар таныстырылды. Және мұнай тасымалдау мен өндірістік қауіпсіздік жабдықтарының озық үлгілері көрсетілді. Көрмеге келушілер антикоррозиялық жабындының, бұрғылаудың, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің инновациялық технологияларымен, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың жабдықтарымен, көмірсутектерді тасымалдау және сақтау технологиясымен танысуға мүмкіндік алды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суреттерді түсірген: Ерлан  АЛТЫБАЕВ.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button