Атырауда аптап ыстық салдарынан дәрігерге жүгінушілер көбейді

zhara 1 Жаңалықтар

Атырауда аптап ыстық салдарынан жедел жәрдем шақыру жиілеп кетті.

Орташа есеппен шақыртулар саны 25-30% – ға өсті, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«103» қызметі хабарлағандай, егер бұған дейін
тәулігіне орташа есеппен 750-800 шақырту келіп түссе , аптап ыстықта шақыртулар саны 950-ге дейін өсті.

  • Демалыс күндері облыс тұрғындарынан түскен қоңыраулар 1100-ге жетті. Негізінен, артериялық гипертониясы , сондай – ақ инсульттан кейінгі асқынулары бар тұрғындар көп шағымдануда,-деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жедел респираторлық аурудың таралуы да артқан. Дәрігерлер мұны бөлмедегі температураның өзгеруімен, салқын су ішумен байланыстырады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз