Жарнама
Жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы — ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен ҚР-ның 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және ҚР-ның аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргізеді.

Кұжаттардың элкетрондық нұсқасы 2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) premiya.daryn@mki.gov.kz поштасы арқылы қабылданады. Қажетті құжаттар:

1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
7) кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button