Атырауға шұғыл іс-сапармен Денсаулық сақтау вице-министрі келді (+ФОТО)

whatsapp image 2019 10 07 at 12.44.19 1 Жаңалықтар

Atr.kz/7 қазан, 2019 жыл. Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық мекемелердің жетекші мамандары келді.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне еліміздің басқа аймақтарынан медицина қызметкерлері көмекке келіп жатыр, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

​2019 жылдың басынан бері Атырауда қалалық перзентхананы екінші деңгейден үшінші  деңгейге ауыстыру жұмысы жүргізілді. Босандыруды ұйымдастыруға бағытталған жоспарлы шара аясында облыстық перинаталдық орталықтан анестизиолог-реаниматолог ауыстырылды, екі неонатолог келді, бәрі де тәжірибелі, еңбек өтілдері бар мамандар. Аталған ауруханаға Ақтөбе облысынан тағы екі маман-неонатолог келеді.

– Қалалық перинаталдық орталық 100% жабдықталған, – дейді Мәншүк Аймұрзиева. -Қалалық перзентхана ауыр дерттері бар жүкті әйелдерге босандыру бойынша сапалы медициналық қызмет көрсетуге дайын.

Аймұрзиеваның айтуынша, облыстық перинаталдық орталықтың да жұмысы күшейтіледі, кеткен дәрігерлерді Атыраудан, еліміздің басқа да аймақтарынан келген мамандар алмастырады.
26 қыркүйектен бастап облыста бала өлімін азайту бойынша жоспарланған шаралардың орындалуын бақылайтын мониторинг тобы жұмыс істейді.

– Реаниматолог, неонатолог, акушер-гинеколог дәрігерлер келді. Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева бастаған жалпы саны жеті маман қазір Атырауда.

Сонымен қатар, республикалық орталықтардан акушер-гинеколог, Нұр-Сұлтан қаласындағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығынан анестезиолог-реаниматолог келді,-дейді Аймұрзиева.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева облыстық, қалалық перинаталдық орталықтардың жұмыстарымен танысып, дәрігерлермен сөйлесті және бірқатар нақты тапсырмалар берді.

whatsapp image 2019 10 07 at 12.44.20
whatsapp image 2019 10 07 at 12.44.18
whatsapp image 2019 10 07 at 12.44.19
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз