Дариға Назарбаева «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен танысты
Атырау облысына жұмыс сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева келді. Сапар барысында ол, өңірдің бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты деп хабарлайды, atr.kz.
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылдың 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының «Қамқорлық» қорының бастамасымен Атырау облыстық балалар ауруханасы базасында балаларды оңалту орталығы ресми түрде ашылды. Орталық жұмысын 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқаруда. Орталықта балаларды оңалтуға арналған 50 төсек орын бөлінген. Оның 25-і тәуліктік және 25 төсек күндізгі стационарға қарастырылған.
Мұнда невролог дәрігері, 2 реабилитолог, үйлестіруші, физиотерапевт, эрготерапевт, 6 Емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушылары, 2 психолог, 2 логопед, 2 дефектолог, 4 медбике жұмыс істейді.
2021 жылдың басынан бері орталықта 315 бала оңалтудан өткен. Оның ішінде, 160бала тәуіліктік, 155бала күндізгі стационарда,- деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.
Жұмыс сапары барысында, Дариға Назарбаева облыстық кардиоорталықтың да жұмысымен танысты.