ҚАЛАМЫЗДА – ҚЫСҚЫ МАРАФОН!
Қысқы марафон! Иә, расымен де Атырау қаласында жүгіруді жанымен жақсы көретін жандардың басын біріктіретін қысқы марафон өткізілмекші.
«Ice Race-2019» атауымен ақпан айының 10 күні сағат 10:00-де облыстық әкімшілік үйінің алдында (Бейбарыс алаңының маңы) бастау алатын жарысқа 16 жастан жоғары кез-келген қала тұрғыны қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бар-жоғы төрт шақырымды құрайтын марафонға қатысуға тілек білдірушілер алдын-ала atyraumarathon.kz сайтына немесе «Infinity» клубына барып тіркелулері керек.
Сонымен қоса 1000 теңге көлеміндегі жарнасы да бар. Қысқы марафоншылар Жайық өзенінің жағалауын бойлай жүгіріп, әкімшілік үйінің алдындағы мәре сызығына кері оралады. Жарыс жолында алғашқы келгендерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар ұсынылып, барлық марафоншыға естелік медальдар табысталады.
Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ