«Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» конкурсының жаңа үміткері — Баян Асидоллаева
Баян АСИДОЛЛАЕВА,
Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
басқармасының инспекторы:
Мен 1999 жылдың 10 маусымында Дамбы селосының Амангелді ауылында дүниеге келдім. Амангелді орта мектебін, одан кейін Атырау мұнай және газ өңдеу колледжін тәмамдадым. Қазір Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» факультетінде сырттай білім алудамын. Ал, 2017 жылдың 18 қазанынан бастап Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында инспектор болып қызмет атқарудамын.
«Қыздың көркі – шаш, шаштың көркі – шашбау» демекші, дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше құрметтеген.
Мен шашымды 16 жастан бастап өсіріп келемін. Қазір бұрымымның ұзындығы – 1 метр 15 см.
Рас, шашты дұрыс күтудің өзіндік құпиялары болады. Айталық, мен айына екі рет шаштың жылтырауын, жұмсақтығын, жиі түспеуін және беріктігін сақтау үшін айран немесе жұмыртқаның сары уызын пайдаланамын. Шаш кептіргіш пен шаш өсіретін түрлі химиялық сусабындарды мүлдем қолданбаймын. Өйткені, бұлар шаштың қалыпты өсуіне зиянын тигізіп, жиі түсуіне әкеліп соғады.
1 орын алуына тилектеспиз!
Сәттілік❤❤
Алга Баян!
Сәттілік пен жеңіс тілеймін!
красавица ты самая лучшая
удачи жаным сол
Баян 1 орын ал буйырса
Сәттілік серігің болсын
Сәттілік Ақбаян! Бұрымдының жеңімпазы атан!
Сәттілік Ақбаян! Бұрымдының жеңімпазы бол!
Удачи ❤️❤️❤️
Сәттілік
Саттиликк
Саттылык!
УДАЧИ ✌️
Удачи