![Қазақстанның бас полицейі ауысты 1 20190212152454](https://atr.kz/wp-content/uploads/2019/02/20190212152454-696x464.jpg)
ЖаңалықтарСаясат
Қазақстанның бас полицейі ауысты
Atr. kz / 12 – ақпан. Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы «Ақорда» сайты хабарлайды.
«Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.
Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев Қалмұхамбет Қасымовтың орнына Ішкі Істер министрі болып тағайындалып отыр.
Ол 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып келген.
![Қазақстанның бас полицейі ауысты 2 20190212152454](http://atr.kz/wp-content/uploads/2019/02/20190212152454-696x464.jpg)