Қазақстаннан Жапонияға әуе рейстері ашылады

photo 53382 Жаңалықтар

Биыл Қазақстаннан Жапонияға әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

photo 53382

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан мен Жапония арасында жүйелі түрде қатынайтын әуе рейстерін ашуға қажетті құқықтық база 2016 жылы бекітілген. Құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Жапонияның әуекомпаниялары апта сайын ешбір шектеусіз 14 рейс орындауға құқығы бар. Қазақстандық тасымалдаушылардың орындайтын рейстері – Токио, Осака, Нагоя қалалары болса, Жапонияның әуе тасымалдаушылары Астана, Алматы және Қарағандыға ұшады. «Мұның алдында Қазақстаннан Токиоға әуе рейстерін ашуға құқықтық негіз болмаған еді. Қазіргі уақытта әуекомпаниялармен келесі жылдан бастап тікелей бағыттағы әуе рейстерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр», – делінген комитеттің хабарламасында. Еске салайық, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында отандық әуекомпанияларға көмектесуді тапсырған болатын. «Авиаторларға АҚШ-қа және Жапонияға әуе рейстерін орындау туралы тапсырма беру керек. Еуропаға онсыз да ұшып жүрміз», – деген еді Мемлекет басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз