ЖаңалықтарҚоғам
Қазақстанда хоккейді дамытудың жаңа бағдарламасы енгізіледі
Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин Астанада Ресей ұлттық құрамасы штабының басшысы әрі Ресей хоккей федерациясының вице-президенті Роман Ротенбергпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қос тарап әріптестік туралы меморандум аясында белсенді жұмыс жүргізіп, тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, федерацияның халықаралық қарым-қатынасы мен ойыншылардың лигаларға ауысуын реттеу мәселелерін қарады. Кездесу соңында Ресейде хоккейді дамытуға арналған «Красная машина» бағдарламасын Қазақстандағы хоккей мектептеріне енгізу туралы шешім қабылданды.