Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Мұны білуіңіз қажет

Тіркелуге бұрын 8 түрлі құжат және екі тәулік уақыт қажет болса, енді ол шаруа айтарлықтай жеңілдеді – бар болғаны 4-5 құжат және 10-20 минут уақыт керек. Алайда, тіркелуші өзі болуы міндетті. Тіркелу үшін бүгінгі күні мынадай құжаттар талап етіледі:

9a4bf541d15a9ec87bbc1b46fa739515

Қандай құжаттар керек?

* Үй иесінің келісімі;

* Үй иесінің жеке куәлігі;

* Тіркелушінің жеке куәлігі;

* Тіркелу үшін 227 теңге төлегені туралы түбіртек.

Сонымен қатар тіркелетін үй иесінің өзі немесе нотариус куәландырған сенімхаты қажет. Жаңа мәліметтер жеке куәліктің чипына енгізіледі және бірден жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасына түседі.

Тіркелушінің және үй иесінің электронды сандық қолы болған жағдайда ол арқылы азаматты электронды үкімет порталы арқылы тіркеуге болады. Басқа қалаға ұзақ уақытқа емделуге немесе, ауруханаға жату үшін барған азаматтар да сол жерде тіркелуі тиіс. Ал, басқа қалада жұмыс істейтін, бірақ қонақүйде тұратын адамдар қонақүйде тіркелуіне болады.

Нақты тұрғылықты орны бойынша тіркелуге мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс орны немесе оқу орны бойынша тіркелуге болады.

 

Бір пәтерде қанша адамды тіркеуге қоюға болады?

Санитарлық талаптар бойынша, пәтерде әр тіркелушінің кемінде 15 шаршы метр тұрғын жері болуы керек. Әзірге бұл ереже Алматыда енгізілген. Болашақта елдің барлық аймақтарында осындай талаптар қабылданатын болады. Тіркелген әр адамға пәтерден қаншалық тұрғын орын берілу керектігі әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Алматыда 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерде төрт адамнан артық тіркеуге алуға болмайды.

 

Айыппұл мөлшері қандай?

Енді заң талаптары бұзылған жағдайда салынатын айыппұлдар туралы. Уақытша тұрып жатқан жерінде бір айдан аса уақыт тіркеусіз тұрғаны үшін 7 АЕК, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады. Екінші тексеру кезінде заңбұзушылық анықталса, айыппұл 13 АЕК, яғни 29 500 теңге  болады.

Пәтершілерді тіркеуге қоймаған пәтер иелері 10 АЕК, яғни 22 600 теңге айыппұл төлейді. Олар жеке тұлға емес, шағын кәсіпкерлік фирмасы болса айыппұл көлемі 15 АЕК немесе 34 000 теңге, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері болса – 50 АЕК көрсеткіш, яғни 113 500 теңге.

Заң күшіне енгенмен, айыппұл салу әлі де көптеген құжаттардың қабылдануын талап етеді. Сондықтан, уақытша тіркеусіз азаматтарды анықтау ісі 2017 жылдың 1 ақпанында, ал айыппұл салу 7 ақпанда басталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button