Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

«Шапағат» қоғамдық қорының филиалы дін жолындағы тұрғындармен 37 мәрте жеке кездесу жүргізген (+ВИДЕО)

https://youtu.be/siBD4k_7NVs

Дін – қоғамның ажырамас бөлігі. Қазіргі таңда дінге қатысты көптеген түсініспеушілік түйіткілдері орын алуда. Осы мақсатта «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының «Дина» сауда орталығында филиалы (оңалту бөлімі) ашылған болатын.

 Бүгінгі таңда  мұнда арнайы психолог мамандар, тарихшы, теологтар, «Нұр-Мүбарак» египет ислам мәдениеті университетінің, «Әбу Ханифа» медресесінің және Қазақстан  мұсылмандары діни басқармасының дінтанушы маман ұстаздары қызмет жасайды. Жыл басынан бері орталықта әйелдер жамағатымен арада 2 семинар және ерлер жамағатымен 1 кездесу өтті.  Дін жолында жүрген тұрғындармен 37 мәрте жеке кездесу жүргізген.

 Ескере кетсек, 2018 жылы «Шапағат» қоғамдық қорының теолог мамандары 106 адамды дәстүрлі бағытқа қайтарған. Алдағы уақытта «Терроризм-экстремизм» бабымен сотталып жазасын өтеп шыққан тұлғалармен де аталмыш орталыққа шақырып жеке кездесулер өткізу жоспарлануда.

Фархад КАРАПИДЕНОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button