Батыр ұрпақтарымен жарқын жүздесу

3b4109e8 bc5e 498e b649 560ebed2eb11 Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығына байланысты «Ерлік – елге мұра» атты тағылымды шара өтті. Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл басқосуда бірнеше буынның өкілдері – Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен батырлардың ұрпақтары, Жеңіс күнін жақындатуға жанқиярлық еңбегімен өлшеусіз үлесін қосқан тыл ардагерлері, аталар мен әкелер ерлігін жалғастырар өскелең ұрпақ өкілдері кездесті.

665454312

Онда халқымызды, елімізді осы күнге жеткізген бірлік, ынтымақ, ерлік пен елдік, татулық тақырыбы арқау етілді. Отан үшін от кешіп, жанын пида еткен майдангер ұрпақтарына сол бір ел басына күн туған, ер етігімен су кешкен қиын кезеңде ерлік пен үлгісін көрсеткен бастырлардың ұрпақтарына құрмет білдірілді. Атап айтқанда, кезінде кеңестер одағының батырлары атанып, «Даңқ» орденінің толық иегеірі атанған олардың ата, әкелеріне құрметіне арнайылап шығарылған «Қасбатыр» төсбелгілері салтанатты жағдайда табыс етілді.

79246b2d 2043 492d 87ea 3bc9c04338a1

Мерекелік шараға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына, өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлесін қосқан облыстың Құрметті азаматтары мен ел ағалары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Соңы ұлығылау, марапаттау шаралары мен дастарханға ұласты.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз